САУАЛНАМА – 1) алдын ала әзір- ленген сұрақтар жүйесіне жауап алу- ды көздейтін сауалпарақ. С. сауал- данушыдан қажетті мәліметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметтік топтардың пікірін білу үшін жүргізі- леді. С.-ның ашық (сауалданушының еркін жауабы), жабық (берілген жа- уаптардың біреуін ғана таңдау) және аралас түрлері болады. С. психо- логиялық-педагогикалық зерттеуде көп қолданылады;
2) вербалдық қатынас негізінде бас- тапқы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алуға арналған әдістемелік құрал. С. – әрқайсысы зерттеудің орталық міндетімен логикалық тұр- ғыдан байланысты сұрақтар жина- ғы. С. құрастыру – зерттеудің негізгі болжамдарын сұрақтар тіліне көші- ру – күрделі әрі көп еңбек жұмсала- тын процесс. С. сұралушыға қатысты шыншыл және проблемаға қатысты мәнді мазмұн алынуын қамтамасыз етуге тиіс. Ғылыми тұрғыдан бағалы С. құрастыру әдетте, ұжымдық еңбек. С. жасаудағы бірінші кезең – оның мазмұнын анықтау. Ол сұралушының өмірлік қарекетінің фактілері (білі- мі, азаматтың халі, өткеңдегі және қазіргі қарекеттері және т.б.) туралы немесе оның түрткі-себептері, ба- ғамдауы, қатынасы туралы сұрақтар тобы болуы мүмкін. Егер пікірдің өзі- не қоса оның қарқындылығын білу қажет болса, сұрақтың тұжырымда- луына тиісінше бағамдау шкаласын қосады.
С. құрастырудағы екінші кезең сұ- рақтардың қажет типін таңдау. Сұ- рақтар сұралушының өз жауабын мазмұны бойынша да, нысаны бойын- ша да өз қалауынша құра алатындай ашық, сондай-ақ әдетте, «жоқ» пен
«иә» деген жауап қана беруге бола- тындай жабық болуы мүмкін. Өзінің функциясы бойынша сұрақтар не- гізгі, жанама, бақылау не нақтылау және т.б. түрінде болады. Сұрақтың типі жауаптың толық және шыншыл болуына әсер етеді. Сұрақтардың тұжырымдалуына қатысты сөйлем- дер мүмкіндігінше қысқа, мағынасы айқын, дәлме-дәл және бір мәндес болуы керек.
С. құрастыру кезіндегі неғұрлым тән қателер жауаптың мәнінің сұрақтың өзінен туындайтыны, шамадан тыс егжей-тегжейлілік, сұрақтардың екі- ұштылығы, саралаушылық қары- мының жеткіліксіздігі болып келе- ді. Жақсы сұрақтар сенімділік пен валидтіліктің әдеттегі критерийле- рін қанағаттандыруы тиіс. С. құрас- тырудағы соңғы кезең берілетін сұ- рақтардың саны мен ретін анықтау- мен байланысты. Сұрақтардың ке- зектемелілігі сауалдама жүргізудің әртүрлі типтері үшін әрқилы болады. Сауалнамаға жауап беруші (Респон- дент) – зерттеу жұмысына сұрақтар- ға жауап беруші ретінде қатысушы адам. Зерттеу сипатына байланыс- ты С.ж.б. әңгімелесуші, емделуші, келімші, ақпаратшы және т.б. болуы ықтимал.