САРАҢДЫҚ

 

САРАҢДЫҚ – адам мінезінің нашар қасиеттерінің бірі. Әркез де өмір сүр- ген ұлы ғұламалар мұндай жиреніш- ті – қаттылық, қараулық, қарабайлық сияқты әдеттерден жұртшылықты, әсіресе жасөспірімді сақтандырып отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлі- шер Науаи: сараң – пайғамбардың жиені болса да, пейішке бармайды десе, түркістандық Ахмет Жүйнеки:

«Сараң дүниенің малын жиса да той- майды» – дейді. «Диван лұғат ат тү- ріктің авторы Махмұд Қашғари мұн- дайларды «Өзі жемей мал жиып са- раң болады, содан күні қараң бола- ды», – деп келемеждеген.

Орыстың ұлы жазушысы А.С.Пуш- кин «Сараң сері» драмасында Аль- берттің образы арқылы құлқынын ақша тескен адамның психология- сын шебер көрсеткен («Е, менің әкем үшін ақша… бас перінің қожасы, ол иттің суық жатағында тұрады, ке- регі оның қара су мен кепкен нан, көз ілмейді түн бойы, жүгірді арсыл- дап, ал алтыны жатыр сандығында мызғымай»). С. пайдакүнемдіктен туындайды. Пайда қуған адам шын- шыл да, принципшіл де, батыл да, өз парызына адал да бола алмайды.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық- пен «табыс» табуға әдеттенген адам- дар көбейе бастады. Бұлар шынту- айтқа келгенде адамға тән аяулы сезімдерден, өз халқына, Отанға деген сүйіспеншіліктен, ізгілік пен имандылықтан, жан тазалығынан жұрдай адамдар.

«Тәрбие бесіктен басталады» деген- дей, әр ата-ана өз ұрпағына мұндай жаман қасиетті дарытпау жағын ба- ласы жарық дүниеге келгеннен бас- тап ойластыруы тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *