САНГВИНИК

 

САНГВИНИК (лат. sanguinus – қан) – сипаттау. Осы типтегі адамның эмо- циялық. қозуы шапшаң, күшті бола- ды, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл күйі әп-сәтте өзгереді. С. – әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтерің- кі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүр- мейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергеке келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгі- леп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөй- лейді, мимика, қимылы көп. Ақжар- қын, ашық келеді. Мұндай адам бас- қалармен тез тіл табысады, бірақ қа- рым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, тала- бы, талпыну көп, бірақ оп-оңай ба- сылып қалады. Бастаған ісіне тың- ғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қа- лады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтерің- кі болып, іс үстінде лезде суиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *