САНА АСТАРЫ

САНА АСТАРЫ – белгілі бір сәтте сананың мәнді қызметінің орталық нүктесі болмастан саналы процес- тер барысына әсер ететін белсенді психикалық процестердің сипатта- масы. Мысалға адам белгілі бір сәт- те оған бұрыннан белгілі бір сәтте оған бұрыннан белгілі және оның ойының кредитімен ассоциативті байланысы туралы тікелей ойлама- са да, ол мағыналы астар ретінде ой ағымына әсер етуі, соған ілесуі жә- не т.с.с. болуы мүмкін. Жағдайлар- дың, ситуациялардың, автоматтық әрекеттердің қимылдардың қабыл- данатын, бірақ санаға тікелей бол- маса да әсері барлық саналық ак- тілерде сана астарымен қабылдау ретінде көрінеді. Сөздің тілдік кон- тексі, яғни айтылмаған, бірақта фра- за құрылысының өзі жеткізетін ой да мағыналық рөл атқарады. С.а.-да мистикалық немесе танылмайтын ештеңе жоқ. Бұл құбылыстар – сана- лы қызметтің жанама нәтижесі, олар өзіне сол сәтте адам назары ауда- рылған объектілерді тануға тікелей қатысы жоқ психикалық процестер- ді енгізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *