САНАСЫЗ ӘРЕКЕТ

САНАСЫЗ ӘРЕКЕТ. С. әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыз- дық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбы- лыстың ықпалымен болатын пси- хикалық үрдістер, актілер мен күй- лер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің бір түрі. Мидың сана- лы әрекеттері қазіргі және болашақ бірігіп, бір психикалық актіде іске асады (мысалы, гипноз, түс көру т.б.). Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп, З.Фрейд «санасыздықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді.

Ол санасыздықта әлеуметтік норма- лардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлық деп түсінген. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мыса- лына адамның ой жүгіртпей істеле- тін дағдыны әрекеттері, түс көру, ке- йібір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. С.ә. туралы ойлар Г. Лейбниц, Б. Вундт, З. Фрейд, т.б. ғалымдардың еңбек- терінде кездеседі. Санасыз әуестік – белгілі бір уақытта адамның өзі тү- сінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қы- лық себептері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *