САНАНЫҢ БҮЛІНУІ

САНАНЫҢ БҮЛІНУІ – орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан туындайтын психикалық ауру. Адам- ның миы әртүрлі жағдайларға бай- ланысты ауруға шалдығуы мүмкін. Ми зақымдалған кезде оның жоғары жүйке қызметі өзгеріске ұшырайды. Адамның қабылдауы, ойлауы, көз- деген әрекеті бұзылады. Балаларда С.б. әртүрлі кезеңде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан болады. Біреуінде зақымдану құрсақта жат- қан кезде болса, енді біреуінде ту- ғаннан кейін 3 жасқа дейін болады. Процестің өзін тікелей миға әсер ет- кен дәл осы кезеңде оның зақымда- нуын органикалық зақымдану, ал балалардың өздерін олигофренопе- дагогикада олигофрендер деп атайды. Санасына зақым келген, санасы бү- лінген балалардың психикасын пси- хологияның арнайы саласы – дефек- тология ғылымы қарастырады. Ба- лалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы әртүрлі себептерге (әйел- дердің жүкті кезде жарақаттануы анасының немесе баласының жұқ- палы аурулармен ауыруы, анасының теріс резус-факторы, зат алмасудың бұзылуы және т.б.) байланысты бола- ды. Ал мидың зақымдануынаң жоға- ры жүйке жүйесінңи қызметі қатты бүлінеді. Бұдан бүкіл психикалық процестердің дамуы бұзылады. Кей- де 3 жастан кейін де баланың санасы бүлінуі мүмкін. Оған әртүрлі жа- рақаттар, мидың қабынуы, психика- лық аурулар және т.б. себеп болады. Бұдан балалардың бүкіл психика- лық процестері – ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау және т.б. қабілет- терінің дамуы бұзылады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларындағы басты белгі және психикалық ерекшелік – ойлау процестерінің жетілмеуі (атап айтқанда, ой қорытындылаудың, тал- дап жинақтаудың нашарлығы) бо- лып табылады. Мұның бәрі сананың бүлінуінен болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *