САЙФ САРАИ. Алтын Орда мем- лекетінің XIV ғасыр мәдениетінің көрнекті өкілдерінің біріне қазақ жерінің Қамысты деген мекенінде дүниеге келген Сайф Сараиды жат- қызуға болады. Ол Өзбек хан тұ- сында Еділ бойындағы Сарай қала- сында тұрған. Өмір жолы мен шы- ғармашылығы туралы жөнді мағлұ- мат сақталмаған. Кейіннен Египетте тұрып, Александрияда қайтыс болады. 1391 жылы жетпіс жасар Сайф пар- сы ақыны Муслихутдин Сағдидың
«Гүлістан» дастанын түркі тіліне ау- дарып, оған «Гүлістан бит-турки» деп ат қояды. Дастан қолжазбасы- ның түпнұсқасы бүгінде Лейден уни- верситетінде (Голландия), оның фо- токөшірмесі Анкара университетін- де (Түркия) сақтаулы тұр. Шығарма- да көптеген көркем бейнелі, тәліми сипаттағы нақыл, ұлағат сөздер кез- деседі. Сарайдың осы шығармасы алдымен Анкарада (1915), кейіннен орыс, өзбек тілдерінде жарық көрді. Мұнда ел билеушілер мен бұқара халық жайында, қанағаттылық пен тілге сақ болудың пайдасы мен зия- ны туралы, жігіттік пен кәрілік жайын- да, адамгершіліктің әртүрлі сипат қасиеттері сөз болады. Осы тәліми сөздердің бәр-бәрі хисса-хикаят тү- рінде айтылады. Шығармада сондай- ақ, ұят пен ынсап («Ұятсыз адам ит- тен де жаман»), жақсылық пен жа- мандық, жомарттық пен сараңдық («Жомарт ерге ел алғысын төгеді, са- раң атын естісе жұрт сөгеді»), қаты- гезділік пен мейірімділік, шындық пен өтірік, күншілдік пен бақастық («Жарғанат жарықты сүймейді, күн- шіл ғылымды сүймейді»), ақылды- лық пен білімділік, т. б. мәселелер сөз болады.