САҚТАУ – психологияда естің не- гізгі үрдістерінің бірі ретінде қарас- тырылады. Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен бай- ланыстырып отыру. Есте қалдыру үр- дісі талғамалы. Өйткені біз сана- мызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқи- ғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат ете- міз. Есте қалдыру, арнайы есте қал- дыру, еріксіз есте қалдыру болып екі- ге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал ар- найы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет: 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың әлеуметтік, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болады; 3) есте қалдыруды жоспар- лап, оқыған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік тү- йінді мәселелердің ізін, мәнін білу;
4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау үрдісімен тығыз ұшас
тыру: 5) қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық желісін табу: б) қабылдаған нәрсе- лерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалды- руды жеңілдету; 7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу; 8) саналы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адам- ның ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етеді. Есте сақтаудың тиімді тәсілі мен жемісті болуы қажетті материалдарды қай- талап (жаттап) алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жү- йесі бар. Кез келген (қайталау) жат- тау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсі- лін – мнемоника деп атайды Бұл ла- тын сөзінен шыққан. Мәнісі – қайта- лап жаттап алу амалы, есте сақтауды дамытудың тиімді жолының бірі.