САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИТАЛЫҚ ӘДІС – жазба жұмыста- рын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғала- рын, естеліктерін зерттеп, оның әр- түрлі психологиялық ерекшеліктерін (өзгешеліктерін) білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әре- кеттерін зерттеу кезінде оларды бір- бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. психология ғы- лымындағы адамды зерттеу әдісте- рінің бірі. С. п.ә. арқылы зерттегенде ақыл-ой әрекеттері зақымдалган ауру адамдардың психологиясы де- ні сау адамның жан дүниесімен салыстырылып, оның арасыңдағы айырмашылықтар мен өзгешеліктер қарастырылады. Мысалы, сөйлеудің бұзылуын, қимыл-әрекеттеріне за- қым келуін, естің бұзылуын, ұмыт- шақтықты және т.б. қалыпты психи- калық әрекеттермен салыстырып талдаудың ғылыми мәні зор, С. п.ә. физиологияда, психология мен меди- цинада көп қолданылады.