САЛАҚТЫҚ

САЛАҚТЫҚ – адамға қолайсыз қа- сиеттің бір түрі. Бұл ұғым жеке адам- ға да, соңдай-ақ кейбір отбасы, ошақ қасына байланысты да айтылады. Мәселен, кейбір үйлерде қыл-қыбыр есіктен төрге дейін шашылып жатады. Осы үйдің дастарқаны да ондағы ас-суы да, кесе-шәйнек, ыдыстары да кір-қожалақ болып келеді. Кө- шеде үсті-басы мұнтаздай болып жүргендердің кейде үйі адам көргі- сіз лас болып тұрады. Мұндай сүрең- сіз көріністер, әсіресе әйелдер ара- сынан аз кездеспейді. Ал, ол үйдегі тыныс-тіршілігінің берекесі, жас ұрпақ тәрбиесінін тұтқасы әйелдер- дің төрт түрі туралы Қорқыт баба- мыз айтқан екен. Мәселен, ол әйел- дердің бір тобы – отбасының құты болса, енді біреулері – нысапсыз, қа- нағатсыз, өсекшіл болатынын айта келіп, салақ әйелдерге көбірек тоқ- талды дейді. Олар жөнінде ол былай дейді: «Ондай әйел төсегінен тұрған соң  күбіні  абыл-құбыл  піседі де

«шуу» деп ауыл кезіп, түс қайта үйі- не оралады. Келсе қазан-аяғын ит жалаған, байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Ойбау-ау, үйім құлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Ме- ні ерігіп жүр дейсіңдер ме, зәру жұ- мыс болған соң кетіп едім ғой, үйі- ме  неге  көз  қырын салмадыңдар?

«Көрші ақысы тәңірі ақысы» деген қайда?, – деп безек қағады. «Олақтан салақ жаман» деп халқымыздың те- гін айтпағаны есте болғаны абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *