РУБИНШТЕЙН СЕРГЕЙ ЛЕОНИДОВИЧ (1889-1960) – орыс психологиясының үлкен теоретигі.
«Адам санасы іс-әрекет үстінде қа- лыптасады, сана мен іс-әрекет ылғи бірлікте болады» концепциясының авторы. Психологиядағы детерми- низм (себептілік) принциптің мә- нін анықтайды. Мәскеудегі М.В.Ло- моносов атындағы университетте психология бөлімі мен тұңғыш ка- федраны (1942), КСРО Ғылым ака- демиясында психология секторын ұйымдастырды. Ол жалпы, әлеумет- тік, тарихи психологиядан көптеген теориялық еңбектердің авторы. Не- гізгі еңбектері: «Жалпы психология негіздері» (1940), «Болмыс және сана» (1957 ), «Ойлау және оның дамуы туралы» (1958), «Психологияның даму жолдары мен принциптері» (1959) т.б.