РЕФЛЕКСТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

РЕФЛЕКСТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ. Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан фран- цуз ғалымы Ренэ Декарт (1596–1650). Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749– 1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағы- наны білдіреді. Рефлекс сырттан не- месе іштен келетін тітіркендіргіш- терге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Жануарлар мен адамдар- ға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр тогымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде көздің, сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы т. б. осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жү- йесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасы- ның бөліктері: рецептор (сезім мү- шесі), өткізгіш жүйке мен қозу про- цесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орта- лықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер.

Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіркендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар тура- лы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыт- тай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципіне шектел- мейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей ол сонымен бірге миға қайтадан ха- бар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы

жарыққа шықпастан көп бұрын со- вет физиологы П.Қ.Анохин ұсынған осы теория (1935) рефлекс туралы ілімнің шығармашылықпен дамы- тылуының айғағы еді. Сөйтіп физио- лог Н.А.Бернштейн айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доға- мен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.

Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғы- дан тұжырымдаған атақты орыс фи- зиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзі- нің 1883 жылы жазған «Ми рефлекс- тері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің отандық ғылым алдыңдағы баға жет- пес еңбегі мынада: ол рефлекстік теорияның негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мы- надай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық, мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ері- тіндісімен тітіркендірді, ол осы ті- тіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М.Се- ченов мидың тілінген жеріне ас тұ- зының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті ми- дың тежей алатындығын айқын көр- сеткен И.М.Сеченовтің ми қабығын- да қозу мен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрде- лі жұмысына байланысты екендігін,

471

       РЕФЛ

оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен тежелуге байланысты пай- да болатын рефлекстер жататынды- ғын тамаша дәлелдеп берді.

И.М.Сеченовтің ми қызметінің реф- лекстік механизмі туралы идеялары И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде (бұл ілім жоғары жүй- ке қызметі туралы ілім деп те атала- ды) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердің жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты, шартты рефлекстердік шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін қар- сетті. И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстердің ерекшеліктерін келесі беттегі таблицадан көруге болады: Жоғарыдағы кестеден осы екі түрлі рефлекстің бір-бірінен қандай айыр- машылықтары бар екенін жақсы аң- ғаруға болады. Мәселен, мұнда шарт- ты рефлекстердің үнемі өзгеріп оты- ратындығы, егер оларды туғызған жағдайлар қайталанбайтын болса, осындай рефлекстердің жойылып кететіндігі айтылған.

Рефлекстің осы екі түрінің арасында мүлде байланыс жоқ деуге болмай- ды. И.П.Павлов шартты рефлекстер сыртқы жағдайлардық әсеріне бе- йімделуіее қарай шартсыз рефлекс- терге ауысып отыратындығын, сөй- тіп бұл екеуінің арасында өзара бай- ланыстың барлығын талай рет айтқан болатын.

И.П.Павлов лабораториясында жүр- гізілген тажірибенің қысқаша мазмұ- ны мына төмендегідей: егер итке бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын – тамақ, екіншісі өздігінен жануарда

 

РЕФЛ

рефлекс туғызбайтын, бейтарап ті- тіркендіргіш – жарық болса, мида қо- зудың екі алабы (бірі – көру, екінші- сі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарынын арасында екі тітіркеңдіргішті қосар- ландыра қанталаған сайын нығайып отыратын жүйке байланысы жаса- лады. Тамақ жарыққа қарағанда жа- нуардың тіршілігі үшін аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы тамақтану орталығы көру орталығы- на қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П.Пав- лов ми қабығындағы уақытша жүй- ке байланысы деп атаған.

Осындай байланыс жасаудың нә- тижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен кейін ит үшін био- логиялық маңызы бар тітіркендір- гішке айналып отыр.

Осындай организмге қажетті құбы- лыстады білдіретін көптеген сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметін сигналдық қызмет деп атайды. Жо- ғарыдағы мысалда жарық тамақтың сигналы болып отыр.

Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген жағ- дайларына байланысты да жасалып отырады. Мысалы, көптеген көпте- ген жабайы аңдар адамды алғаш көргенде сенбеуі мүмкін. Бірақ, адам оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқын өзгертетін болады. Олар адамды көрісімен тығылуға не қашуға тырысады. Демек, бұл жағ- дайда жасалған рефлекс аңдар тірші- лігі үшін өте пайдалы шартты реф- лекс екендігі түсінікті.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *