РЕФЛЕКСТІК ШЕҢБЕР – ми және дене бөліктеріне (жұмыс атқаратын органдарға жәй хабар жеткізіп қана қоюмен шектелмейді), ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ор- тадан мүлде қол үзген болар еді де,организмдегі түрлі тітіркендіргіш- терге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан ха- барлаудың арқасында ғана ми айна- ладағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға прин- ципіне шектелмейтіндігі, яғни реф- лекс қызметі жұмыс органына келу- мен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратын- дығы белгілі болып отыр. Киберне- тика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын совет физиологы П.А. Ано- хин ұсынған осы теория (1935) реф- лекс туралы ілімнің творчестволық- пен дамытылуының айғағы еді. Сөй- тіп физиолог Н.А. Бернштейн айт- қандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей, «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.