РЕТИКУЛЯРЛЫҚ  ФОРМАЦИЯ

РЕТИКУЛЯРЛЫҚ  ФОРМАЦИЯ –ми қабығының астына орналасқан осы орталық денедегі барлық ре- цепторларды ми қабығымен бай- ланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі – афференттік талшық- тардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық ету үрдістерінің жұмысын реттесті- ріп отырады. Ми қызметінің бел- сенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, елек- тен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пуль- ті деуге болады. Ретикулярлық фор- мацияға миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктел- ген. Мәселен, адам күрделі ой әре- кетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады. Мұндай- да мидың осы бөлігінің жұмыс қабі- леті арта түседі. Аталмыш жүйке ор- талығы эмоция, ерік үрдістерін бас- қаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі роль атқарады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *