РЕМИНИСЦЕНЦИЯ

РЕМИНИСЦЕНЦИЯ – лат. реми- ницентиа деген сөзі, қаз. еске түсіру деген мағынада. Материалды оқыған бойда (көлемді, күрделі түрлерін) оны бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық беріл- мей қалатын кездер болады. Бірақ, бұлар екі-үш күннен кейін тым тәуір қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осын- дай кешігіп еске түсіруді психоло- гияда Р. құбылысы деп атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейінгі жастағы балалармен баста- уыш сынып оқушыларында жиі кез- деседі. Өйткені олар көлемі үлкен, күрделі материалдарды бірден то- лық айтып беруге шамалары кел- мейді де, ойларына келген жерін ай- та береді. Ой әрекетінің біртіндеп күрделенуіне және есте қалдырудың жолдарын меңгере білуге байланыс- ты ересек адамдарда Р. құбылысы көп кездеспейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *