ПІКІР

ПІКІР бір нәрсенің беймәлім жа- ғын ақиқат не жалған деу тұрғысы- нан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын талас ой. П.-ді алғаш

«болжалмен» салыстырған Ксенофан болса, Парменид оның білімнен айырмашылығын анықтады. П. зат- тар мен құбылыстардың ерекшелік- тері арасындағы байланыстардың бір қыры мен көрінісін бейнелеумен, сипаттаумен шектеледі.

П. білім мен жалған мәліметтердің қосындысынан құралады немесе көзқарастың субъектісі (S) мен пер- дикаты (Р) сияқты екі терминнің қа- тынасынан туындайды. Пікір S пен  Р арасындағы белгілі бір қатынасты растап мақұлдайды не терістеп жоқ- қа шығарады. П. атрибутивтік қасиет- ті білдіретін қарапайым түрден жә- не бірнеше қарапайым пікірді қамтитын күрделі түрден құралады. Күр- делі пікірдің дұрыс мағынасы оның құрамындағы қарапайым пікірлер- дің растығы мен жалғандығына бай- ланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *