ПЫСЫҚТАУ

ПЫСЫҚТАУ (мектепте) – оқыту процесінде оқушылардың алған бі- лімі мен дағдысын бекіту, тиянақтау, жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы өткен материалға қайта оралу. П. – оқу-таным жұмысының кезеңі, оқы- ту процесінің қажетті құрауышы. Сабақ құрамында пысықтау ерекше орын алады. Оқып өткен материалды пысықтау оқушылардың алған білі- мін есінде сақтап қалуына жәрдем етеді. Материалды жиірек пысықтап, дұрыс жабдықтамайынша тиянақты білім алу қиынға соғады. П.-дың түрлері көп. Осыған байланысты әр- кездегі пысықтау – қайталаудың көз- деген мақсаты, қолданылу әдіс-тә- сілдері де түрліше. П.-дың қай түрі болса да оқушылардың білімін тұ- рақтандырып, оларды өздігінен шы- ғармашылық еңбек етуге, ізденуге үйретеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *