ПСИХОФИЗИОЛОГИЯ – психиканы оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте зерттеуге ба- ғытталған, психология мен нейро- физиологияның тоғысуындағы пә- наралық зерттеулер саласы. 1830 ж. француз философы Н. Массиас ұсын- ған бұл бағыт нейрофизиология мен жалпы психологая аралығынан орын алады. Бастапқы кезде физиология- лық дәл объективті әдістерге сүйене- тін психиканың ауқымды зерттеуле- рін белгілеу үшін «физиологиялық психология» ұғымымен қатар қол- данылады. Психофизиологияның басты мақсаты – нейрофизиология- лық механизмдерді түсіндіру арқылы психикалық құбылыстарды түсіндру немесе адам организмі қызметін тұтас синтездік тұрғыдан, құрылымдық- мағыналық сыңайдан қарастыру ар- қылы әрбір психикалық құбылыстың физиологиялық тетігін және әрбір физиологиялық процестің психика- лық маңызын айқындау.
Қазіргі кезде психофизиологияда
дәстүрлі әдістермен (сенсорлық, мо- торлық, вегетациялық реакцияларды тіркеу, миды жасанды ширықтыру (стимуляция және миға зақым келу салдарын талдау) қатар электрфи- зиологиялық әдістер (электрэнце- фаллография және т.б.), сондай- ақ сараптау мәліметтеріне өңдеу- дің математикалық тәсілдері қол- данылады. П.-ның мынандай же- ке бағыттары бар: сезім мүшеле- рінің психофизиологиясы, мотива- ция психофизиологиясы, эмоция психофизиологиясы және т.б. Әсі- ресе жеке тұлғалық-психологиялық айырмашылықтардың физиология- лық негіздерін зерттейтін дифферен- циалдық психофизиологияның ма- ңызы зор.П. санасындағы зерттеулер зиятты қабілеттің, темпераменттің және т.б. психодиагностикасының дамуына себепші болады. П.-ның жетістіктері клиникалық практикада, психикалық процестердің кибернетикалық үлгі- лерін құруда, соңдай-ақ психология- ның қолданбалы салаларында (пси- хогигиенада, эргономикада, спорт психологиясында және т.б.) қолда- нылады.