ПСИХОФИЗИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА – психикалықтық физикалыққа қатысы туралы жәйт. П.м. Декарт екі түрлі субстанцияның бар екендігін дәлелдей отырып (материя – созы- лыңқы және ойлай алмайтын субс- танция, жан – ойлай алатын бірақ со- зылыңқы емес субстанция) жан мен тәнді қарама-қарсы қойғаннан кейін 17 ғ-да ерекше мәнге ие болды. Бұл алшақтықты окказионалистер (А.Гей- линис пен Мальбранш) психикалық және физикалық құбылыстар ара- сындағы қатынасқа құдайдың арала- суы туралы қалыптасқан жағдаймен жоюға тырысты. П.м.-ні айқындау- дың жалған ағымдары психофиз. Қатарластық теориясы және оның әр түрлері тараған бат. психологияда әлі күнге дейін үстем болып отыр. П.м.- нің диалектикалық материалистік шешімі психиканы материяның даму нәтижесі деп қарастыратын монизм принципіне негізделген.