ПСИХОФИЗИКА (психо… және грек. physike/pysis – табиғат) – жал- пы психологияның психикалық жә- не физикалық процестер мен құбы- лыстардың байланысын зерттейтін саласы. Психофизиканың негізін не- міс психологі Г.Т.Фехнер (1801–1887) қалады. Психофизиканың ерекшелі- гін ол былайша сипаттайды: әртүрлі мінез-құлық пен психиканың күйі физикалық құбылыстар мен ахуал- дың айырмашылығынан туындайды. П. сенсорлық процесті, ондағы түй- сік, шебін және психофизикалы шкаланы құрастыруды айқындайды. Мұндай ізденісте сенсорлық жүйенің сезімталдық күйімен қатар, іштей белсенділік ерекшелігі, яғни шешім қабылдау ауқымы да ескеріледі. Осындай көп шамалы мөлшерлеу ізденісіне Р. Шепард және т.б. әдіс- темесі ерекше ықпал етті. Әдістеме түйсіктердің өзара үйлесімін көп шамалы субъективтік кеңістікте – эмоция психологиясында, психо- диагностикада, психосемантикада қалыптастыруға септігін тигізетінін дәлелдеді.