ПСИХОСЕМАНТИКА (психо…және грек. semantikos – белгілеуші) – қабылдау, ойлау, жад, шешімдер қа- былдау процестеріне негіз болатын мағыналардың жеке-даралық жүйе- сінің генезисін, түзілімін және функ- ция атқаруын зерттейтін психология саласы. П. индивидуумдық санада мағыналардың (бейнелер, символ- дар, символдық әрекеттер, сондай-ақ белгілік және вербальдық нысан- дар) болуының әртүрлі нысандарын зерттейді, субъектіде қалыптасатын мағыналар жүйесіне мотивациялық факторлардың және субъекттің эмо- циялық күйінің ықпалын талдайды. Эксперименттік психосемантиканың негізгі әдісі индивидуумдық сананың категориялық құрылымдарының модельдік түсінігі болып табылатын субъективтік семантикалық кеңістік- терін құруға саяды. П. категориялану процесінің жалпы психологиялық, сондай-ақ дифференциалдық-пси- хологиялық аспектілерін зерттейді. Соңғы жағдайда психосемантика- ның міндеті – белгілі бір индивидтің әлем туралы түсініктерінің жүйесін оның индивидуумдық мағыналары мен тұлғалық мәндер жүйесін қайта құру жолымен қайта құрылымдау болып табылады.