ПСИХОМЕТРИЯ (грек. меtrоп – өлшем) – психикалық процестердің уақыттық сипаттамаларын өлшеу; қазіргі уақытта психометрия дегенде көбіне психологиядағы өлшеулермен байланысты мәселелердің бүкіл то- бы ұғынылады. Бұл тұрғыдағы ұғым- да психометрияға психофизика да қамтылады. Психометриялық проце- дуралардың аса маңызды белгісі олардың стандартталғандығы бо- лып табылады, яғни зерттеулердің мүмкіндігінше неғұрлым тұрақты сыртқы жағдайларда жүргізілуі көз- деледі. Алынған мәліметтер негізінде индивидуумдық қасиеттердің әр- түрлі шкалалары түзіледі де, нақты бір әдістеменің (тестің) сенімділігі мен валидтілігі туралы қорытынды жа- салады. Соңғы жылдары өзгермелі жағдаяттарды да, сондай-ақ сына- лушылардың индивидумдық ерек- шелікгерінде де ескеруге мүмкіндік беретін психометриялық процедура- лар мен модельдер жасауға беталыс байқалады. Алайда зерттеулердің жалпы психологиялық және диф- ференциалдық – психологиялық ба- ғыттарың шын мәнінде біріктіру әлі жүзеге асқан жоқ.