ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. Егер де ғылым әр уақыт- та да жаңа деректермен толықтыры- лып отырмаса дами алмайды.
Егер де деректерді жинақтау үшін ғылыми негізделген әдістерді тек дұ- рыс пайдалана білген уақытта ғана ғылымның дұрыс және жемісті да- муы мүмкін. Әдістерді негіздеу де- геніміз – сол ғылымның әдіснамасы мен әдістерінің арасындағы байла- нысты қалыптастыру. Бұл жағдайды психологияға қолданғанда психика- ны философиялық тұрғыдан түсіну. Зерттеу әдістеріне, оны құруға, ұйымдастыруға және нәтижелерін талдауға негізгі талаптарды анық- тайды, зерттеу әдісі әр уақытта да белгілі бір әдіснаманы бейнелей- ді. Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
- Объективтік психологиялық зерт- теулер қағидасы зерттеу пәні ерек- шеліктеріне тәуелді көптеген әдіс- намалық құралдармен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріністердің бірлігінде зерттеледі. Осыған бай- ланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психкалық құ- былыстар сыртқы себептер мен іш- кі жағдайлардың бірлігінде қарас- тырылады. Психологияның негіз- гі қағидаларының бірі – детерми- низм қағидасын (психикалық құбы- лыстардың себептік тәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес құру болып табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға бо- лады.
Объективтік қағида зерттеулерде қол- данылатын әдістер және зерттеуші- нің көзқарасы алынған нәтижелерге әсер етуін талап етеді.
- Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үс- тінде зерттеу болып тыбылады. Объек- тивтік дүние әр уақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін.
Егер де психикалық құбылыстар үз- діксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға ба- ғытталған кез келген зерттеулерді құ- ру міндетті түрде қарастырылуы қа- жет. Психикалық құбылыстарды да- му барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анық- тау жеткіліксіз, сонымен қатар пси- хикасының қалыптасқан және қа- лыптасып келе жатқан жаңа ерек- шелігін талап етеді.
- Жеке тұлғаны талдау-жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның пси- хологиялық келбетінде барлық адам- дарға тән жалпылық, даралық қасиет- термен сипатталады.
Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшелік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды талдау- жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасие- тін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғаны талдау-жинақтау тұр- ғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адам- ды талдау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әр түрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элемент- терін тануға көмектеседі, ал жинақ- тау – барлық жекелеген құбылыстар- дың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның психологиялық үр- дістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психо- логия әр түрлі зерттеу әдістерін қол- данады.
Психиканы объективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық құбылыстарды зерттеу- ге объективтік тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, тұлғаның психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, да- миды және өзгерістерге ұшырайды? Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет, де- мек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негіз- гі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерт- теудің негізінде мектеп пен отбасын- дағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу. Психоло- гия ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психология- да жеке әдістер де қолданылады: әңгі- ме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәти- жесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау адамның психикалық өмі- рін зерттеу әдісі ретінде психология- ны жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жекелеген психикалық үр- дістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұл- ғаның психикалық қасиеттерін зерт- тейді, олар сырттай әр түрлі адамзат- тың іс-әрекеттері «еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл күй, аф- фект) түрінде аңғарылады.
Бақылау әдісі адамның психикасы- ның, сыртқы көрінісінің (іс-әрекеттері, қылықтары, басқа адамдармен қарым-қатынаста аңғарылатын тіл- дік ерекшеліктері, тұтастай мінез- құлқы) зерттеу табиғи өмір жағдайын- да іске асады, зерттеуші адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын бақылау арқылы олардың психикалық өмірі- нің ерекшеліктері туралы бағалай алады, демек сыртқы объективтік фак- торлардан адамның ішкі субъектив- тік дүниесін түсінуге бағытталады.
Психологиялық бақылау мақсатты бо- луы қажет: бақылаушы кімді не үшін бақылайтынын нақтылы білуі және түсінуі керек. Олай болмаса, бақылау кездейсоқ деректерді жинақтауға ай- налады. Психологиялық бақылау бел- гілі жоспармен немесе бағдарлама- мен жүргізілуі тиіс. Бақылау бағдар- ламасы бақылаушыны күні бұрын дайындалған зерттеу мсәлелелері жә- не деректермен қамтамасыз етеді.
Білгіленген жоспарсыз немесе бағ- дарламасыз бақылаудың негізгі ба- ғыты жойылады, соның салдарынан адамның психикалық іс-әрекетінде негізгі және маңызды жағы назардан тыс қалуы мүмкін. Бақылауды бір жүйелі жүргізіп отыру керек. Бір жүйелі бақылау бақылаудың тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік бе- реді, сонымен қатар бақыланатын деректердің арасында тығыз байла- ныс жасауға жағдай тудырады.
Психологиялық бақылау, ереже бо- йынша, ұзақ уақытты қажет етеді. Ба- қылау неғұрлым ұзақ мерзімге жүр- гізілсе, соғұрлым бақылаушы мол де- ректер жинақтауға мүмкіндік алады, соғұрлым тереңірек және сенімдірек психологиялық қорытынды жасайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді бақылау шәкірттердің жас ерекшеліктерін зерттеуде қолданылады, мәселен, тілі мен ойлауын дамыту ерекшелік- тері, эмоциялық ерекшеліктері мен ерік-жігер іс-әрекеттері, қызығуы мен бейімділігі, мінез бітісі мен қа- білеттілігі.
Бақылау әдісі дегеніміз – әр түрлі та- биғи жағдайда жеке тұлғаның іс- әрекеті мен қылықтарын қабылдау- дың негізінде мақсатты зерттеу.
Бақылау табиғи жағдайда жүргізіле- ді. Ескеретін мәселе, бақылау жүр- гізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізі- ліп жатқанын білмеуі керек, егер сез- ген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеудердің таби- ғилығын сақтау-бақылауға қойыла- тын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек.
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Не- гізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жаз- балардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын пси- хикалық үрдістердің байқалуын бей- жай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспери- ментатор оларды тұрақты қамти ала- ды. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай оты- рып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерек- шеліктерін анықтай алады.Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүкіндік береді.
Эксперименттің барысында арна- улы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реак- ция), оқу, еңбек, дағдылардың қалып- тасу жылдымдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізі- нен екі түрлі эксперимент қолданы- лады. Олар зертханалық (лаборато- риялық) және табиғи деп аталады.
Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен ас- паптарды қолдану арқылы жүргізіле- ді. Зертханалық эксперимент адам- ның психкалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерек- ше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдіс- тері мен психикалық қалыпты тиім- ді зерттеу үшін қолданылады, ең ал- дымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қара- пайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдала- нылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен да- муында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасыр- дың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде фило- софиядан бөлініп шығуы оның экс- перименттік ғылым болуынан туын- даған үрдіс еді. Лабораториялық экс- перименттің нәтижелілігі мына тө- мендегі жағдайлардан пайда болады
- Байқалатын объект жөнінде экс- периментатордың күн ілгері болжа- мы (гипотеза) болуы тиіс.
- Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методика- ға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибе- ні өткізу үшін жағдайын (тиісті құ- жаттар) дайындау.
- Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.
- Эксперимент жүргізуші кейде зерт- теліп жатқан құбылыстарды коррек- циялау;
- Эксперименттің нәтижесін қайта- дан қарастыруға мүмкіндік туғызу.
- Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математика- лық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертхана- лық эксперименттен өзгешелігі адам- ның күнделікті іс-әрекетінің мазмұ- ны сақталады, зерттелетін құбылыс- ты міндетті түрде іске асыруға жағ- дайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісі- нің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: бірінші- нің табиғилығы, екіншісінің белсен- ділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін экспе- римент табиғи эксперимент әдісі бо- лып табылады. Табиғи эксперимент- тің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф. Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Психологиялық-педагогикалық зерт- теу міндеттерін шешетін экспери- ментті психологиялық-педагогика- лық эксперимент деп атайды.Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттер- дің танымдық мүмкіншіліктерін зерт- теуде, жеке тұлғаны қалыптастыру- дың нақты жолдарын анықтауда рө- лі ерекше.
Адам психологиясына әсер ету, өз- герту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі сынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, соны- мен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқара- ды. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдіс- терге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің не- гізін салушылардың бірі В.В. Давы- дов, эксперименттің бұл түрін гене- тикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық да- муын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.