ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК – әртүрлі топтар мен ұжымдағы адамдар арасындағы тіл табысушылық, мұндағылардын өз ісінен рақат, ләззат алу, бейжай бо- луына себепші болатын психология- лық көңіл күйі. Топ мүшелерінің бір- бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни бірінің іс-қылығы екіншісіне ұнай- тын болса, бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұ- рыс қабылдаса – онда психология- лық үйлесімділіктің болғаны. Ал мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреу- дің қарекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәр- сенің өзі де кейде қолдау таппайды, бірі екіншісін түсінбейді. Адамдар арасындағы көзқарас пен сенім бір- лігі, не оның әртүрлілігі, мүдделері мен мінез бітістерінің, темперамент ерекшелігінің қарама-қайшылығы да үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздік- ке де себеп болады.
Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркө- кірек болса да топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың бірер мүшесінің міндеті осындай бо- лып келсе тіпті қиын. Кейде топтың жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға бірден-бір себепші болады. Кісі топ ішінде өз орнын біреуге жалбақтап, жарамсақтану, не жағымпаздану жо- лымен емес, өзінің табиғи болмысы- мен сүйкімді. Қадір-қасиетімен, ашық, жайдары мінезімен табады. Топқа үйлесу үшін адамның білімділігі, іс- керлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен зиянсьп бөлісуге, көмекте- суге әзір тұрушылығы да қажет. Сон- дай-ақ кісінің сырт бейнесі мен кел- бет-кескінін, яғни дене күші факто- рын да ескермесе болмайды.