ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  УАҚЫТ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  УАҚЫТ –адамның психикасында оның өмір- лік жолының оқиғалары арасындағы уақыттық қатынастар жүйесінің бей- нелеуі. П.у.-қа өмірдегі әр алуан оқи- ғалардың бірмезгілдігін, кезектесуін, ұзақтығын, өту жылдамдығын, олар- дың қазіргіге қатыстылығын, өткен- ге және болашаққа карай қашықта- уын, уақыттың тығыздығы мен со- зылыңқылығын, үзіктілігі мен үздік- сіздігін, шектеулігі мен шектеусізді- гін  сезінушілікті,  жасты,  жасқа қатысты кезеңдерді (балалық, жастық, кемел жас, қарттық) ұғынушылықты, өмірдің ықтимал ұзақтығы туралы, өлім мен мәңгі жасаушылық туралы, өз өмірінің, отбасының, қоғамның жә- не тұтастай адамзаттың өткен ұрпақ- тары мен келешек ұрпақтарының өмірімен тарихи байланысы туралы түсініктерді қамтиды. Психология- лық уақыттың зерттеуі үшін көркем әдебиет пен философиялық әдебиет- те мол материал бар.

Психологияда психологиялық уақыт- ты түсіндіруге және эксперименттік зерттеуге қатысты бірнеше көзқарас тұрғысын саралауға болады. «Квант- тық» тұжырымдамаға сәйкес әр мас- штабты субъективтік «уақыт квантта- ры» (милисекундтан онжылдықтарға дейін) бар; олар уақыттың әртүрлі ұғынылуына (мысалы, бірмезгілділік- ті бағалау, психологиялық тұрғыдағы қазіргіні саралау) себеп болады. Оқиғалық тұжырымдама тұрғысынан психологиялық уақыттың ерекшелік- тері болып жатқан оқиғалардың ішкі және сыртқы ортадағы, адамның іс- әрекетіндегі өзгерістердің саны мен қарқындылығына тәуелді. «Кванттық» және оқиғалық көзқарас тұрғылары- ның бірқатар іргелі проблемалары шешілмеген, олар: психологиялық уақыттың, қайтымдылығы мен көп өлшемділігі психологиялық тұрғыдан өткеннің, қазіргі мен болашақтың реттік емес, жастық сауат санаттаудың өлшем бірлігі.

Бұл қиыншылықтарды себептік-мақ- саттық тұжырымдама арқылы еңсе- руге болады; бұл тұжырымдама бо- йынша психологиялық уақыт әнше- йін хронологияяық аралықтар мен уақиғаларды өздігінен алып бейнелемей, «себеп-салдар», «мақсат-құрал» типіндегі бір-бірінен туындайтын оқиғалар аралық байланыстардың күрделі жүйесін бейнелейтін болып шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *