Өркөкіректік адастырады

Өркөкіректік адастырады

Алла бір адамға кітап, даналық жəне пайғамбарлық берген бол са, сонан соң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ, «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» (деулері лайық). Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тəңір жасап алыңдар!» – деп бұйырмайды. Сендерді мұсылман болғаннан кейін қарсылыққа бұйыра ма?

(Əли Имран сүресі, 79-80)

(Мұхаммед ғ.с.): «Ей, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нəрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тəңір тұтпайық», – деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куə болыңдар, шəксіз, біз мұсылман болдық», – деңдер.

(Əли Имран сүресі, 64)

Олардан кім: «Алладан өзге мен де тəңірмін!» – десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың  сазайын  сөйтіп  тарттырамыз.

(Əнбия сүресі, 29)

Жəне Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз, Алла залымдарды құтқармайды. Оларды Қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: «Аллаға ойша қосқан ортақтарың қайда?» – дейміз. Сонан кейін олардың: «Аллаға серт! Раббымыз, біз ортақ қоспаған едік» дегенінен басқа сылтаулары болмайды. Қара! Олар өздеріне қалай өтірік айтты. Жəне Алланың ортағы деген  пұттары  сөйтіп  жоқ болды.

(Əнғам сүресі, 21-24)

Алайда, Бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра  береді.

(Юныс сүресі, 11)

Жолдан  тайғандар  мен  екіжүзділер туралы

Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар.

(Хаж сүресі, 30)

«Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!».

(Нұр сүресі, 7)

(Мұхаммед ғ.с.) саған мұнафықтар келген кезде: «Сені анық пайғамбар деп айғақ боламыз», – деді. Сенің хақ пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне  куəлік  етеді.

(Мунафиқун сүресі, 1)

Енді Аллаға берген уəделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екібеткейлік салып қояды.

(Тəубе сүресі, 77)

Адамдардың кейбіреулері екіжүзді (мұнафықтар): «Аллаға, Ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ, олар сенбейді. Олар (өздерінше) Алланы жəне иман келтіргендерді алдайды. Бірақ, олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар (күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті (мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!», – делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз», – дейді. Сақ болыңдар! Шын мəнінде, олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!» – делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?» – дер. Байқаңдар! Шын мəнінде, олардың өздері ақымақ. Бірақ, олар білмейді. Ал жəне олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Əрқашан олар шайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында, біз сендермен біргеміз, біз оларды тəлкек қылып қана жүрміз», – дер. Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық  жолды  туралықпен  айырбастап  алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Əрі олар тура  жолды  таппады.

(Бақара сүресі, 8-16)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *