Қастандықтар
Шын мəнінде, құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін (болған) шайтан ісі. Алла қаламайынша, ешбір зиян келтірмейді. Сондықтан мүміндер Аллаға тəуекел етсін.
(Мүжадəле сүресі, 10)
Ғайбат пен сырттан сөгу
Ей, мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Əйтпесе, білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.
(Хужурат сүресі, 6)
Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Əрине, оны жек көресіңдер.
Расында, Алла тəубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
(Хужурат сүресі, 12)
(Мұхаммед ғ.с.) əрбір көп ант ішкен ынжықтарға бойсұнба. Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да.
(Қалам сүресі, 10-11)
Алайда, кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені, Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халық ты ауыстырады. Сонан соң олар сендер сияқты болмайды.
(Мұхаммед сүресі, 38)
Мүміндер өз нəпсісін тəрбиелейді
Ал енді кім Раббының алдына тұрудан қорқып, нəпсісін соққан нəрседен (жеңілтек ойдан) тежеген болса, негізінде, оның барар жері ұжмақ (жəннат).
(Назиғат сүресі, 40-41)
Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Əмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар, сендер үшін қайырлы болсын. Кім нəпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне, солар – құтылушылар.
(Тағабун сүресі, 16)