Ғайбты тек Алладан өзгесі біле алмайды
(Мұхаммед ғ.с.): «Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді» де. Олардың Ақырет туралы мəліметі жеткілікті ме? Расында, олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр.
(Нəміл сүресі, 65-66)
Жəне олар: «Оған Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?» – дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен, көмес Аллаға тəн. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын», – де!
(Юныс сүресі, 20)
Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де, көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондайақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла əсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді).
(Һуд сүресі, 31)