Уақыттың құбылмалылығы

Уақыттың құбылмалылығы

Ол жоғарғы орынға періштелер жəне Жəбірейіл (ғ.с.) мөлшері елу мың  жылдық  бір  күнде  шығады.

(Мағариж сүресі, 4)

Ол көктен жерге дейін істі игереді. Сонан соң сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.

(Сəжде сүресі, 5)

Бұ дүниедегі жəне Ақыреттегі уақыт

Сүр үрілген күні күнəкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында: «Дүниеде он-ақ тəулік тұрдық» деп сыбырласады. Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», – дейді.

(Taha сүресі, 102-104)

Алла оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар, азғана-ақ тұрдыңдар» дейді.

(Муминун сүресі, 112-114)

(Мұхаммед ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар (мықтылық, тұрақтылық иелері) сабыр еткеніндей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уəде етілгенді көрген  күні дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір  ұқтыру. Бұзақы ел  ғана  жоқ  етіледі.

(Ахқаф сүресі, 35)

Қиямет-қайым болатын күні күнəкарлар «(өлгеннен Қияметке дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық» деп ант ішеді. Осылайша, олар (дүниеде де алданып) адасқан  еді.

(Рум сүресі, 55)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *