Теңіз
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған жəне екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тəңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.
(Нəміл сүресі, 61)
Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тəңір бар ма? Алла олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары.
(Нəміл сүресі, 63)
Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын таттыру үшін құрылықта əрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар.
(Рум сүресі, 41)
Екі теңіз тең емес: Бұл тəтті шөл қандырады, ішілуі сүйкімді. Ол тұзды ащы. Əрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер əрі тағатын сəндікбұйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Əрине, шүкір етерсіңдер.
(Фатыр сүресі, 12)
Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер.
Əрине, шүкірлік етерсіңдер.
(Жəсия сүресі, 12)