Сараңдық

Сараңдық

Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нəрселеріне сараңдық істегендер, олардың сараңдық қылған нəрселері, Қиямет күні өздерінің мойындарына оралады. Сондай-ақ көктер мен жердің мирасы – Алланыкі. Əрі  Алла  олардың не істегендерін  толық  біледі.

(Əли Имран сүресі, 180)

Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! Сондай мал жиып, оны санағандарға. Негізінен, малы өзін мəңгі жасатады деп ойлайды. Олай емес, əлбетте, ол «Хұтамаға» тасталады.

(Һүмəзə сүресі, 1-4)

Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нəрсені ортақ қоспаңдар. Жəне əке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға жəне қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Алла тəкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді. Бұлар сондай сараңдық қылып, адамдарға да сараңдықты бұйырады. Сондай-ақ олар өздеріне Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушы  азап  əзірледік.

(Ниса сүресі, 36-37)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *