Рухи аурулар мен қылмыстар
Күмəн мен атаққұмарлық
Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нəрсені ортақ қоспаңдар. Жəне əке-шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға жəне қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Алла тəкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді.
(Ниса сүресі, 36)
Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді əсте тесіп жара алмайсың да, бой жағынан да тауларға жете алмайсың.
(Исра сүресі, 37)
(Мұхаммед ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе?
(Зүмəр сүресі, 60)
(Мұхаммед с.ғ.с.) сондай істегендеріне мəз болып, істемегендерімен де мақталуларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп əсте ойлама. Өйткені, олар үшін жан түршігерлік азап бар.
(Əли Имран сүресі, 188)
Сондай қайыр істегендер бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе), оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ əрі олар қайғырмайды. Көркем сөз жəне кешірімділік артынан бұлдану, кейіту араласқан садақадан жақсы. Алла бай, жұмсақ.
(Бақара сүресі, 262-263)