Лəухул-Махфуз – барлығы ашық түрде жазылған Кітап
Сөз жоқ, Раббың əлбетте, олардың көңілдеріндегіні де, көрнеуге шығарғандарын да біледі. Жер-көкте ашық Кітапта болмаған еш бір көмес нəрсе жоқ.
(Нəміл сүресі, 74-75)
(Мұхаммед ғ.с.): «Ей, көктерді жəне жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нəрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің» де.
(Зумəр сүресі, 46)
Əрине, ол ұлы бір Құран. Лаухул-Махфұзда сақтаулы.
(Буруж сүресі, 21-22)
Алла ғайб білімін қалаған құлына береді
(Мұхаммед ғ.с.) міне, бұлар білінбеген əңгімелерден. Оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын оны сен де, қауымың да білмейтін еді.
Онда сабыр ет. Расында, соңғы табыс тақуалар үшін.
(Һуд сүресі, 49)
Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Қашан олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді.
(Фатыр сүресі, 14)
(Мұхаммед ғ.с.) саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік (қулық-айла) жасағанда, жандарында болмаған едің.
(Юсып сүресі, 102)
(Мұхаммед ғ.с.) міне, бұл саған Біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мəриямға ие болады деп, қаламдарын (шар, жеребе) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сəтте де алдарында емес едің.
(Əли Имран сүресі, 44)