Жер жүзі мен көктер

Жер жүзі мен көктер

Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сонан соң ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Содан соң қурап оның сарғайғанын көресің. Сонан кейін оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.

(Зумəр сүресі, 21)

Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Жəне де таза нəрселерден қорек берді. Міне, осы Алла-Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл əлемнің Раббысы. 

(Ғафыр сүресі, 64)

(Мұхаммед ғ.с.) расында, жердің құрғап қалғанын көресің. Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып көпсуі Алланың дəлелдерінен. Күдіксіз, оны тірілткен Алла, өліктерді де тірілтеді.

Өйткені Оның əр  нəрсеге толық  күші  жетуші.

(Фуссилəт сүресі, 39)

Көктерді де, жерді де əрі екі арасындағы нəрселерді де ойыншық қылып  жаратпадық.

(Дұхан сүресі, 38)

Жəне де Ол, Өз тарапынан сендер үшін көктердегі əрі жердегі барлық нəрсені іске қосты. Шын мəнінде, осыларда түсінген ел үшін белгілер бар.

(Жəсия сүресі, 13)

Жерді төсеп, онда  əртүрлі  көркем  нəрселерді  өсірдік.

(Қаф сүресі, 7)

Жер бетіндегі игі жолдар

Алла сендерге жерді төсеніш қылды. Оның кең жолдарында жүрулерің үшін.

(Нұх сүресі, 19-20)

Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты.

(Нахыл сүресі, 15)

Ол сондай Алла, сендер үшін жерді бесік қылып, онда сендерге жолдар ашқан жəне көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі өсімдіктерден   пар-парымен  шығардық.

(Taha сүресі, 53)

Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық.

Жəне жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.

(Əнбия сүресі, 31)

Рас, Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл  əрі  қап-қара түрлі-түсті  жолақтарды  көрмейсің  бе?

(Фатыр сүресі, 27)

Сондай  Алла, сендерге  жерді бесік қылды да, онда тура  жүрулерің үшін  жолдар  жаратты.

(Зухруф сүресі, 10)

Жолдары бар аспанға серт! Күмəнсіз, сендер талас-тартыс сөздесіңдер.

(Зəриəт сүресі, 7-8)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *