Жел құбылысы

Жел құбылысы

Ол сондай Алла рахметінің (жаңбырдың) алдын ала желдерді қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр, құрғақшылық басқан) бір мемлекетке жіберіп, сонда ол арқылы жаңбыр жаудырып, сонымен əртүрлі жемістерді шығарамыз. Осылайша, өліктерді де, тірілтеміз. Əрине, үгіттенерсіңдер. 

(Ағраф сүресі, 57)

Пайдалы желдерді жібердік те, аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Əйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар.

(Хижр сүресі, 22)

Сүлейменге (ғ.с.) қатты желді бағындырдық. Оның əмірімен, Біз мүбарак қылған жерге жүреді. (Сүлеймен ғ.с. тағы желмен ұшып Шамға, Йеменге дейін  баратын  еді).  

(Əнбия сүресі, 81)

Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тəңір бар ма? Алла олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары.

(Нəміл сүресі, 63)

Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Жəне жаңбыр арқылы жансыз қалған жер ді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты.

(Фатыр сүресі, 9)

Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де, кемелер су үстінде тұрьш қалар еді. Даусыз, бұнда өте сабырлы, толық шүкір етушілерге өнегелер  бар.

(Шура сүресі, 33)

Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде жəне желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.

(Жəсия сүресі, 5)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *