Тұщы жəне ащы теңіз
Екі теңіз тең емес: Бұл тəтті шөл қандырады, ішілуі сүйкімді. Ол тұзды ащы. Əрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер əрі тағатын сəндікбұйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Əрине, шүкір етерсіңдер.
(Фатыр сүресі, 12)
Таулар
Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық.
Жəне жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.
(Əнбия сүресі, 31)
Сендер тіреусіз көрген көкті жаратты да, сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де, көктен жаңбыр жаудырып, онда əртүрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік.
(Лұқман сүресі, 10)