Сонда да күдіктенесіңдер ме?
(Əнғам сүресі, 2)
Əр əлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар сол мерзімі келген сəтте бір дем кешікпейді де, ілгерілемейді.
(Ағраф сүресі, 34)
Ешбір үмбет ажалын ілгерілете алмайды да, кейіндете алмайды.
(Хижр сүресі, 5)
Жер-көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмес нəрсе жоқ.
(Нəміл сүресі, 75)
Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге қашан бір бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шəксіз, осы Аллаға жеңіл.
(Хадид сүресі, 22)
Егер Раббыңнан бекітілген сөз, белгіленген бір мерзім болмаса, əрине, істері біткен болар еді.
(Taha сүресі, 129)
Адамдар бір-ақ үмбет еді, сонан соң олар қайшылыққа түсті. (Мұхаммед ғ.с.) егер Раббыңнан бір сөз өткен болмаса еді, таласқан нəрселері турасында, əрине, араларына үкім берілген болар еді. (Жазаландырылар еді).
(Юныс сүресі, 19)
(Мұхаммед ғ.с.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Юныс сүресі, 107)