Көктің қалыптасуы
Күдіксіз, Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді жəне күн мен айды, жұлдыздарды да əміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату жəне бұйрық беру Оған тəн.
Өте жоғары Алла – бүкіл əлемнің Раббысы.
(Ағраф сүресі, 54)
Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нəрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тəртіптеді. Ол əр нəрсені толық білуші.
(Бақара сүресі, 29)