Əлемнің жаратылу тарихы

Əлемнің жаратылу тарихы

Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Сонан соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың əрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. Əрине, Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар. Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Əрі онда əртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізге жабады. Шынында, бұнда ойланатын қауым үшін дəлелдер бар.

(Рағыд сүресі, 2-3)

Əлемде барлығы өлшеммен жаратылған

Шын  мəнінде, əр  нəрсені бір  өлшеумен  жараттық.

(Қамар сүресі,49)

(Мұхаммед ғ.с.): «Алланың қалауынан басқа өзіме пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Əр үмбет үшін бір ажал бар. Қашан олардың белгілі мерзімі келсе бір сəтке кешіктірілмейді де, ілгерілетілмейді» де.

(Юныс сүресі, 49)

(Мұхаммед ғ.с.) əрқандай бір жағдайда болсаң, Алла тарапынан бір Құран оқысаң жəне сендер бір іс істесеңдер, əлбетте, оған шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ жердегі, көктегі тозаң салмағындай нəрсе Раббыңнан жасырылмайды. Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар.

(Юныс сүресі, 61)

«Сол уақытта əпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу көрсетейін бе?», – деді. Сонда сені көз айым болып кейімеуі үшін анаңа қайтардық. Жəне бір кісі өлтірдің. Сонда сені ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мəдиян елінде тұрдың. Сонан соң белгілі мерзімде қайтып келдің, ей, Мұса!»

(Taha сүресі, 40)

Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ақырет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз.

(Əли Имран сүресі, 145)

Ол сондай Алла сендерді балшықтан жаратып, сонан соң өлім мезгілін белгіледі. Жəне белгілі (Қиямет) мерзімі де Оның қасында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *