Өлім періштелері
Əркімнің алды-артынан Алланың əмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында, бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді. Сондай-ақ, егер Алла бір қауымға бейнет тілесе, сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Əрі олар үшін Алладан өзге бір жəрдемші де жоқ.
(Рағыд сүресі, 11)
Періштелер олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді?! Бұл, шынында, олар Алланы ашуландыратын нəрселерге еріп, Оның разылығын жек көргендіктен, Алла олардың ғамалдарын жойды.
(Мұхаммед сүресі, 27-28)
Өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?» – деді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік»,– деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?» – деді.
Міне, бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын.
(Ниса сүресі, 97)
Алланы жасынға шығарған немесе өзіне ешбір уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді» деген, жəне: «Алла түсірген сияқтыны мен де түсірем» дегеннен кім залымырақ? (Мұхаммед ғ.с.) егер залымдарды өлім қиналысында, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды шығарыңдар! Бүгін Аллаға қарсы орынсыз сөйлегендерің, Оның аяттарына менменсігендерің себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар» дегенде бір көрсең!
(Əнғам сүресі, 93)
Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын аларда: «Ешбір жамандық істемеп едік» деп мойындары салбыраған болады. Олай емес. Рас, Алла сендердің істегендеріңді жақсы біледі.
Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жəһаннамның есіктерінен кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман. Сондай Алладан қорыққандарға: «Раббыларың не түсірді?», – делінсе, олар: «Игілік», – дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Əрине, ақырет жұрты тағы жақсы. Əлбетте, тақуалардың қонысы нендей жақсы. Олар астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осылайша, тақуаларды Алла сыйлайды. Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: «Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жəннатқа кіріңдер», – дейді. Қарсы болғандар, өздеріне (жан алғыш) періштелердің келуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар да осылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады.
Бірақ, олар өздеріне зұлымдық қылған еді.
(Нахыл сүресі, 28-33)