Құдіретті періште – Жəбірейіл

Құдіретті періште – Жəбірейіл

(Осы нəрселерде ашық дəлелдер бар). Негізінен, Құран əрине, бір ардақты Елшінің сөзі. Ол – күшті Елші, ғаршының Иесінің қасында беделді, ықпалды, онда сенімді (Жəбірейіл ғ.с).

 (Тəкуир сүресі, 19-21)

Ол дəрежелерді көтеруші, ғаршының иесі. Жолығатын күнді ескерту үшін құлдарынан кімді қаласа, Өз бұйрығымен уахи түсіреді. (Бұл жердегі «Рұх» уахи мағынасында).

(Ғафыр сүресі, 15)

Оған оны өте күшті (Жəбірейіл ғ.с.) үйретті. Ол қуат иесі (Жəбірейіл өз бейнесінде) тура тұрды. (Бұл көрініс Хыра тауында болған). Ол жоғары көкжиекте еді.

(Нəжім сүресі, 5-7)

(Мұхаммед ғ.с.) Құрандағы Мəриямды айтып бер. Сол уақытта ол тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондайақ оған рұхымызды (Жəбірейілді) жібердік те, ол оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мəриям): «Егер сен тақуа болсаң да, сенен Аллаға сыйынамын», – деді. (Рұх): «Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін», – деді. Мəриям: «Маған бір адам жұғыспаса, менде қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам»,– деді. (Жəбірейіл ғ.с.): «Ол, солайша», – деді. Өйткені, Раббың: «Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі əрі бір мəрхамет. Бұл біткен бір іс еді», – деді.

(Мəриəм сүресі, 16-21)

Жəбірейілдің көкжиекте көрінуі

Расында, ол оны ашық көкжиекте көрді. (Мұхаммед ғ.с Жəбірейілді ғ.с. шығыс көк жиекте көрген).

  (Тəкуир сүресі, 23)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *