Қайта тірілу жайындағы сұрақтарына жауап
Олар: «Қашан топыраққа араласып жоғалсақ, шынымен де жаңа жаратыламыз ба?», – дейді. Əрине, олар Раббыларына қауышуға қарсы келгендер. (Мұхаммед ғ.с.): «Сендерге уəкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сонан соң Раббыларыңа қайтасыңдар» де.
(Сəжде сүресі, 10-11)
Керісінше, қарсы келгендер (Құрайыш кəпірлері) өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: «Бұл бір ғажайып нəрсе» десті. (Жəне былай десті): «Біз өліп, топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?). Бұл қайту ақылдан ұзақ. Расында, жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда əр нəрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз).
(Қаф сүресі, 2-4)
Олар: «Біз сүйектер жəне қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе?», – деді. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Тас болыңдар», – де. «Əлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайта тірілтілесіңдер). «Сонда олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?», – дейді. «Жақында болатын шығар» де.
(Исра сүресі, 49-51)
Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Жəне: «Біз сүйектер, тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?», – деді. Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың, өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған, онда əсте шəк (күмəн) жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.
(Исра сүресі, 98-99)