ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫ

ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫ – психика туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет, Қытай), философия қойнауында пай- да бола бастады. Бұл түсініктердің дамуына қоғамдық практиканың; ем- деу мен тәрбие салаларының сұра- ныстары себепші болды. Ежелгі за- ман дәрігерлері психиканың ағзасы ми екенін анықтап, темпераменттер туралы ілімді дамытты. Антика дәуі- ріндегі психологияның ұшар шыңы Аристотельдің  ілімі  болған  еді: ол жан тіршілік ете алатын материалдық дененің ұйымдастырылу нысаны деп ұғындырды. Ол объективтік және ге- нетикалық әдістер негізінде тұжы- рымдалған психологиялық ұғым- дардың алғашқы жүйесін баяндады. Эллиндік кезеңде тіршілік принципі оның белгілі бір көріністеріне айнал- ды. Феодалдық дәуірде психика тура- лы ілім-білімдердің ілгерілеуі біраз бәсеңсіді. Тек орта ғасырда араб тілді елдердің озық пікірдегі ойшылдары мен дәрігерлері (Ибн Сина, Ибн әл- Хайсам, Ибн Рашид және т.б.) өздері- нің жан туралы идеялары арқылы Батыс Еуропадағы жаратылыстық – ғылыми психологияның өркендеуіне жағдай жасады; осының нәтижесінде олар адамды жаратылыстың заңда- рына бағынатын табиғи тіршілік иесі ретінде тәжірибелік жолмен зерттеу- ге мұрындық болады. Буржуазиялық революциялар мен материалистік дүниетанымның өркендеу дәуірінде психологиялық әрекетке принципті тұрғыдан жаңа көзқарас қалыптасты, енді ол детерминизм ұстанымымен ұғыңдырылып, түсіндірілетін болды. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында психологиялық білімдер- дің дамуына жол ашылып, XVII ға- сырда жантану ғылымы бірқатар іл- гері категориялармен толықты. Р. Де- карт мінез-құлықтың рефлекстік та- биғатын ашты, жан туралы ұғымды субъктінің өз психикалық актілерін тікелей білуі ретіндегі ұғымға айнал- дырды.

Нақ осы дәуірде өте маңызды бірқа- тар психологиялық ілімдер жарық көрді. Олар жан құбылыстарының байлалысын анықтайтын байла- ныс ретіндегі ассоциациялар туралы(Р.Декарт, Т.Гоббс), аффектілер тура- лы (Б.Спиноза), апперцепция тура- лы (Г.Б.Лейбниц), білімнің сезімдік тәжірибеден туындайтыны тура- лы (Дж.Локк) ілімдері қалыптасты. Ағылшын дәрігері Д.Гартлидің ас- социация принципі жүз елу жыл бойында психологияның басты түсіндірмелік ұстанымы болды. XIX ғасырда физиологияның қойнауында психикалық функцияларды зерттеудің эксперименттік әдістері пайда болып, бұл функцияларды талдауға сандық бағалауды енгізу тұрғысында алғашқы әрекеттер жасалды (Э. Г.Вебер, Г.Т.Фехнер, Г.Гелъмгольц). Дарви- низм психикалық функцияларды биологиялық жүйелердің нақты фак- торы ретінде зерттеу қажеттігін көр- сетті. XIX ғасырдың 70-80-жылда- рында психология білімнің өз алды- на бөлек саласына айналды. Пси- хологиялық зерттеулердің басты-бас- ты ғылыми орталықтары, арнаулы эксперименттік лабораториялар пай- да болды. Мұндай алғашқы лабора- торияны 1879 жылы Лейпцигте В. Вундт ұйымдастырды. Оның үлгісі бойынша осындай мекемелер Анг- лияда, АҚШ-та, Францияда, Ресейде пайда болды. Психологияны объек- тивті әдіс негізінде зерттеудің дәйекті бағдарламасы ұсынылады.

Дүниежүзілік психологиялық ғы- лымда объективтік әдістердің кеңі- нен қолданылуы нәтижесінде экспе- рименттік-психологиялық жұмыстар жүргізілді. Эксперименттік психо- логияның басты тақырыптары бас- тапқыда түйсіктер мен реакция уақы- ты (Ф.Дондерс), одан әрі – ассоциа- циялар (Г.Эббингауз), зейін (Дж. Кет- тел), эмоциялық күйлер (У. Джеймс,Т.А. Рибо), ойлау мен ерік (Вюрц- бург мектебі. А.Бине) болды. Пси- хологиялық процестердің жалпы зандылықтарын іздестірумен қа- тар, дифференциалдық психоло- гия қалыптасып, оның міндеті өл- шеу әдістері арқылы адамдардың арасындағы даралық ерекшеліктер анықтала бастады. Психологияның инженерлік, әлеуметтік және ме- дициналық XX алғашқы ширегінде жан қуаттарының заңдылықтарын зерттеумен айналысатын психология ғылымының дағдарысы айқын бай- қала бастады. Тәжірибе арқылы алынған есептеу көп нақты матери- алдар сана құбылыстарын теория- лық тұрғыдан дұрыс түсіндіріп бере алмады. Алынған деректердің прак- тика үшін елеулі маңызы бола тұрса да, осы ғылымның әдіснамалық (методологиялық) астары әлсіз бо- лып психологияда бір-біріне қарама- қайшы бағыттар пайда бола бастады. Соның бірі – америка психологі Дж.Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризм; бағыты еді. Бихевио- ристер психиканы мінез-құлықтың әртүрлі көріністері организмнің сыртқы әсерге; (стимул) қайтаратын жақсы реакцияларының жиынтығы деп түсіндірді.

Сана құбылысын тікелей зерттеуге болмайды деп, онын сыртқы ортаны танып-білудегі рөлін жоққа шығар- ды, адам мен жануар психикасының елеулі айырмашылықтарын мойын- дамады. Бихевиористер тәжірибе жа- сауға үлкен мән берді, жануардың мі- нез-құлқын математикалық жолмен зерттеп, оларды дағдыландыруда елеу- лі табыстарға жетті. Бірақ психика- лық құбылыстар шын мәнін теориялық тұрғыдан дұрыс түсіне алмай, кейіннен ғылым сахнасынан шығып қалды. Осы кезеңде жан қуаттарының құрылымын тұтастай зерттеудің қа- жеттілігіне ерекше мән берген ге- штальтпсихология («гештальт» неміс сөзі, қазақша «бейне», «түр», құрылым деген ұғымдар бағыты пайда болды. Оның негізін салған Макс Вертгей- мер (1880-1943), Вольфганг Келлер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1940),

Курт Леви (3890-1947) т.б. еді. Олар сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне қарсы шығып, жан құбылыстарының тұтастығын, олардың өзіндік сапа- ларының (тұтастық, тұрақтылық, құрылымдық, фигура мен фонның арақатынасы т.б.) ерекшеліктерін көрсетті. Мәселен, бір күйді жоғары не төмен дыбыстармен тартқанмен, тыңдаушы дыбыстардың неше түрлі болуына қарамастан, бұлардың қай- қайсысын да бір мазмұнда қабыл- дайды.

Гештальт психология жан қуаттары- ның тұтастығын адамға әсер етуші заттармен байланыссыз, кісіге бас- тапқы кезден танылған жан құбылы- сы деп, осы бейнелердің сыртқы ор- таның әсерінен туындап отыратынын еске алмады. Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негіз- гі бағыттардың бірі – фрейдизм еді. Осы ілімнің негізін қалаған Австрия психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939) жан дүниесіндегі санасыз әрекеттер- дің табиғатын зерттеді Ол адам сана- сын қалыптасу жолын түс көру, гип- ноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам психикасының дамуында биологиялық негізге – инстинктер- ге ерекше мән беріп, тордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд құштарлық пен нәпсіқұмарлықты тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жы- ныстық ләззат (либидо) алу шығар- машылық іс-әрекет дамуының қоз- ғаушы күші деп, сананың рөліне же- те мән бермеді.

Кейінірек шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм, лого- терапия, психогенетика, гуманистік психология дейтін бағыттар пайда бола бастады. Бұлар адамның жаны қуаттарының заңдылықтарын түрлі- ше зерттеу әдістері арқылы түсінді- ре бастады. Кеңес психологиясын- да адамның іс-әрекеті, сондай-ақ (С.Л. Рубинштейн; А.Н.Леонтьев т.б.) бір-бірімен қарым-қатынас жа- сады (Б.Ф.Ломов т,б.), оның бағыт- бағдары (Д.Н.Узнадзе т.б.) туралы теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде әлемде психологияның 40-тан астам саласы бар. Олардың бастылары: психофизиология, зоопсихология, са- лыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық, психология, жас ерек- шелігі психологиясы, еңбек психоло- гиясы, шығармашылық психологиясы, медициналық психология, патопсихо- логия, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этно- психология, практикалық психология, дифференциалды психология, әскери психология, спорт психологиясы, эксперименттік психология, үкімет немесе билік психологиясы және т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *