ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ(грек. diagnosis – танып білу) – дә- рігердің жеке адамның даралық- психологиялық ерекшеліктерінің мә- нін сипаттап, анықтауға бағытталған қарекетінің түпкілікті нәтижесі; бұл ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагности- калық қараудың міндеттеріне орай- лап нұсқамалар белгілеу мақсатымен жүргізіледі.
П.д.-дың пәні – қалыпты күйдегі, сондай-ақ патологиядағы даралық- психологиялық айырмашылықтарды анықтау. Педагогикалық диагноздың аса маңызды элементі – әрбір нақты жағдайда қаралушының мінез-құл- қында белгілі бір көріністердің нелік- тен байқалағынын, олардың себепте- рі мен салдары қандай қажетті екен- дігін анықтау. Психодиагиостиканың құралдары арқылы белгілі бір да- ралық-психологиялық ерекшелік- терді анықтаған зерттеуші дегенмен, олардың себептерін, жеке тұлғаның құрылымындағы орнын тікелей көр- сете алмайды. Бұл деңгейді Л.С. Вы- готский нышандық (немесе эмпи- риялық) диагноз деп атайды; ол бел- гілі бір ерекшеліктерді не нышандар- ды көрсетумен шектеледі, осылардың негізінде тікелей практикалық қоры- тындылар жасалады. Выготский мұн- дай диагноздың анығында ғылыми емес екенін, өйткені нышандарды анықтағаннан диагноз өздігінен жа- салмайтынын атап көрсетті.
Педагогикалық диагноздың дамуын- дағы екінші кезең этнологиялық диа- гноз болып табылады; мұнда тек бір тұлғаның белгілі бір ерекшеліктері- нің болуы ғана емес, неден болған себептері де ескеріледі. Ең жоғары деңгей – типологиялық диагноз, ол алынған мәліметтердің жеке тұлға- ның тұтас, динамикалық бейнесінде- гі орны мен маңызын анықтауға саяды. Диагноз болжамдаумен ажыра- ғысыз байланысты. Выготскийше болжам мен диагиоздың мазмұны ұқсас, алайда болжам даму процесінің өздігінен ілгерілеуінің ішкі қисынын терең білуге, өткені мен қазіргісінің негізінде даму жолын анықтауға жет- кізеді. Болжамды жекелеген кезең- дерге бөлу, осы арқылы ұзаққа созы- латын қайталама бақылаулар жасалу ұсынылады. Психологиялық диагноз теориясын дамыту отандық психо- диагностиканың маңызды міндет- терінің бірі болып табылады.