ПСИХОЛОГИЗМ – қоғамдық әлеу- меттанушылық зерттеулерде қолда- нылатын принцип; мұнда әлеуметтік процестер мен құбылыстар психо- логиялық туындылар деп сипатта- лады. П. приципінің рөлі мен маңы- зын әлеуметтік өмірдің психология- лық механизмдерін жете зерттеген америкалық социологтар асыра ба- ғалады. Әлеуметтанудағы психоло- гиялық мектептің өкілдері адамдар- дың бейімділіктері мен эмоцияла- рын әлеуметтік процестер динами- касының негізгі факторлары деп па- йымдады. Социологияның дербес ғылым болып даму нәтижесінде бұл принциптің едәуір әлсіреуі болғаны- мен, ол жойылған жоқ. Оны белгілі бір шамада тұлғааралық қатынасты зерттеушілер – символдық интерна- ционализмнің, феноменология мен этнометодологияның өкілдерін ұс- танады.