ПСИХОЛИНГВИСТИКА

ПСИХОЛИНГВИСТИКА.  (франц.linguistigue – лат. lingua – тіл) – пси- хология  мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуни- кативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұр- ғысынан зерттейді. Осы бағыттың не- гізін салушы неміс ғалымы Г.Штейн- таль (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрі- нісі ретінде қарастырды. Оның пікі- рінше, тіл білімі кісінің жеке психо- логиясын ғана емес, халық психоло- гиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық ка- тегория, сондай-ақ лексикалық мағы- налардың түрлерін түсіндіруде көрі- ніс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипа- тына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. пси- холингвистикаға жаңа мағына енгі- зіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талас- сыз алмасуына сөйлеудің даму про- цесі деп түсіндірді.

Сөйлеуді игерудің шарттарын қа- растыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж- Пиаже) психолингвистиканың дамуы- на елеулі үлес қосты. Осы салада ке- ңес ғалымы профессор А.А.Леонтьев- тің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбекте- рін атап өткен жөн. Бізде осы сала- дағы зерттеулер үш бағытта жүргізіл- ді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеу- дің пайда болуы мен оны түсіну; ой- лау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер «Ойлау мен қарым- қатынас» атты Бүкілодақтық симпо- зиумда (Алматы, 1973), «Сөз бен ой- дың механизмдері» атты (Целиног- рад, 1976) ғылыми конференциялар- да талқыланды.

Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұ- қанов, Н.М.Құрманбаев, М.Қ.Қайыр- баева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгеру мен түсіну, іштей сөй- леу т.б.) мәсслелерін жан-жақты зерт- теді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарастардың то- ғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психология- лық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моде- лі; сөйлеуді құраудағы грамматика- лық кұрылымның ойлаудың, таным- ның, логиканың желісімен байла- нысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік пси- хология, нейро және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *