ПСИХОДИНАМИКА (психо… және грек. dynamis – күш) – қарама-қарсы бағыттағы мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез- құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық, теорияның маңызды саласы. Негізінде, П. әр түрлі қоздырғыштардың өзара ықпалын зерттеуге, психикалық процестің мә- нісін айқындауға, психикалық қызметтің процесті, жағымды және рег- ресті, жағымсыз өзгерістерін айқын- дайды. П. қағидасы психикалық ап- параттың үштік құрылымдылық тұ- жырымдамасына сүйенеді: «Ол нәр- се» – инстинктілік құмарлылықтың аясы, «Мен» – тоқтау салатын мүше,
«Жоғары Мен» – ар мен ойлану ық- палының аясы. Дегенмен, әрбір пси- хикалық құбылыста психикалық ап- параттың осы үш бірдей ерекшелігі бір-біріне тоғысып жатады. «Ол нәрсе» және «Меннің» бір-біріне үйлеспей, қайшы келуі адамды ішкі қайшылыққа ұшыратады да, оны ойланбай шешпек әрекеттер санада жүйкенің жұқарып тозуын қоздыра түседі. Ұшқалақ шыдамсыздыққа іш- кі факторлармен қатар тұқым қуа- лайтын ауытқушылық пен сыртқы әсерлер де ықпал етеді. Шиеленістің дәрежесі мен оны шешетін мүмкінші- лік іштей тоқыраудың, күйзелістің деңгейін анықтауға жол ашады. Де- генмен, психодинамикалық талдауға генетикалық және эволюциялық көз- қарастардың өзінше ықпал ететіні де анықталды.