ПСИХОГЕНЕЗ(грек. psyche – жан, genesis – шығу тегі) – психикалық құ- былыстардың ойдағыдай қалыпта- суымен және науқасқа ұшырағандар- ды ілкі басталуын көрсететін ұғым. П. «бұрынғы психикалық процестер кейінгі бақылаудағы көріністердің қалыптасуына міндетті түрде ықпал етеді» деген психикалық детерми- низм қағидасын негізге алады. П. түйіні: егер кездейсоқ түсініксіз кей- бір психикалық құбылыстардың өзін нақылап олардың себеп-салдар желісін айқындай түссек, онда кез келген психикалық құбылыс саналы және санасыз күштердің қарым- қатынасының күрделі түйіні болып шығады. Психикалық талдаулық әдіс адамның балалық кезіндегі құбылма- лы шиеленісті дұрыс түсіну, оны өзгерту мен алмастыру мүмкіндігін ашады.