ПСИХОАНАЛИЗ. Псхологиядағы бағыттың негізін салған, оның тео- риясы мен қолданбалы мәселелерін түгел ұсынған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Пси- хоталдау бағыты өкілдерінің бахеви- ористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылы- ми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада – адам туралы психологиялық білімді жа- ңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең ал- дымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құру- ға және ақпаратты қабылдауға ұм- тылды.
Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдау- дан және жинақтаудан бастауы кез- дейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.
Фрейдизм негізгі ұғымдарына «сана» және «санасыздық» немесе «бейса- на» жатады. Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры және оған көзқарас әр түрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шә- кірттері мен ізбасарлары және пси- хиатор-дәрігерлердің кейбіреулері- нен басқалары оған өте салқын қа- тынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылда- рында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субьективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден-бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30- жылдары, психологиялық зерттеулер- ді шектеумен бірге («Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педология- лық бұрмалаушылықтар туралы» белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің ең- бектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тыйым салынды. Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қы- зығушылық қайтадан өсіп отыр.
XX ғасырда психологтардың ішінде Австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын берілді. Оның негізгі еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бас- тап, психологияда бір-бірін әр түрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстыр- ды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгін- ге дейін Фрейд және оның ілімі сияқ- ты ынта туғызған емес.
Адам мінез-құлқының басты реттеу- шісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) – австрия невро- патологі, психиатры және психологі, психоталдау бағытының негізін са- лушы. Фрейдизмнің концепция ре- тінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20- жылдары кең өріс алды. Жеке тұлға- ның құрылымында Фрейд санасыз- дыққа ерекше көңіл бөлді және зерт- теу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әреке- тінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады.
Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл кү- йі мен мінез-құлқын түсіндіретін тео- рияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен бе- делге ие болды. Фрейд теориясы көп- теген шет елдерде психология, пси- хотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға – со- циологияға, педагогикаға, антропо- логияға, этнографияға, сонымен қа- тар өнер мен әдебиетке ерекше ық- пал етті.
Фрейдтің еңбектерінде күрделі пси- хологиялық проблема ретінде адам- ның сексуалдық өмірі туралы мәсе- ле қойылды. Фрейдтің түсіндіруін- ше, жас жеткіншек балалардың әр түрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейім- ділігі оларды жыныстық инстинктер- дің билеуінен деп түсіндіреді.