ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ – психика органикалық материяның барлығын- да бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төменгі форма- ларынан да оны кездестіру қиын. Пси- хика материяның жоғары форма- ларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түр- леріне (мәселен, қарапайым организм- дерге) тітіркенушілік (сыртқы тітір- кендіргіштерге жауап бере алушы- лық), ал оның жоғары түрлеріне сез- гіштік (заттардың қасиеттерін бейне- лей алу) қасиет тән. Сезгіштік – ор- ганизмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік – тіршілік жағдайы- на бейімделудің көрінісі. Түйсік ор- талық жүйке жүйесі бар барлық жануарларда кездесетін психикалық құ- былыс.
Психикалық әрекеттің дамуы жүйке жүйесінің дамуымен шарттас. Ал жүйке жүйесі құрылысының күрде- лене түсуі психиканың күрделене тү- суіне, оның жоғары формаларының пайда болуына жағдай туғызған.